Ұрланған телефондарды саудалайтындардың қызметіне қарсы іс-шара өтуде

81

Түркістан облысының біренеше қаласы мен ауданында Полиция департаментінің қызметкерлері ұрланған телефондар саудасымен айналысатын адамдардың қызметіне қарсы оның жолын кесу мақсатында ауқымды іс-шара өткізуде.

Түркістан, Сарыағаш, Жетісай қалаларымен Сайрам ауданының базарларындағы қолданылған ұялы телефондарды алып сатумен айналысатын сауда нүктелерін тексерді. Іс-шара арнайы құрамдардың қатысуымен атқарылуда.