Сарыағашта еліміздегі ең алғашқы «ақылды жаяу жүргінші жолы» пайдалануға берілді

275

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында smart city — Saryagash жобасы әзірленген болатын.

Осы жоба аясында бүгінгі таңда елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жаяу жүргінші жолының ерекшелігі- жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Атап айтқанда, жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.