Шереметьеводағы ұшақ апаты: Борттағы 78 адамның 37-сі тірі қалған

224
© EPA-EFE

Тергеу комитеті Шереметьево әуежайында өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы мәлім етті. Бұл жайлы журналистерге жексенбі күні ТК ресми өкілі Светлана Петренко айтты, деп хабарлайды ТАСС.

«Мәскеу-Мурманск бағытында рейсті орындаған әуе лайнерінің бортында экипаж мүшелерін қосқанда 78 адам болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында анықталған дерек бойынша олардың 37-сі тірі қалған. Тергеушілер зардап шеккендерден, оқиғаны көзімен көргендерден, әуежай қызметкерлерінен және тасымалдаушы-әуе компаниясынан, сондай-ақ әуе кемесін пайдалануға қатысы бар тұлғалардан жауап алуға кірісті.