Шымкентте жүрек қақпақшасына жаңа тәсілмен алғашқы күрделі ота жасалады

183

Шымкент қаласында жүрек ахауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалатын болады. Бұл жұмыстар қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пямен түзілген екі жақты мемарандум аясында жүзеге асырлады.

Меморандум шеңберінде жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен алғашқы ота бүгін қалалық кардиологиялық орталықта жасалып, жергілікті дәрігерлерге танымал кардиохирург Юрий Пя мастер класс өткізеді.

Сонымен қатар, екі жақты келісімнің негізінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын жақсарту және жергілікті дәрігерлер Ұлттық ғылыми орталық мамандарымен бірге тәжірбие алмасып, біліктіліктерін жоғарлатып отыратын болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жүрек қақпақшасына ота жасау бойынша жылына  3 мың шамасында науқас тіркеледі екен. Бұған дейін науқастар мұндай отаны Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында жасатып келген.