Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды. Сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі. Бүгінде қасық қаны қалғанша шайқасқа қатысып, жеңіс күнін сыйлағандарды ешкім ешқашан ұмытқан емес. Олардың есімдері ұлықталып, қаза тапқан жандарды еске алу мақсатында 1 мин үнсіздік жарияланды.
Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету – қасиетті борышымыз. Сондықтан, қала тұрғындары мен ардагерлеріміз даңқ мемориалындағы мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұл мереке әр отбасына ыстық. Өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан, тіпті хат-хабарсыз кеткен жандар бар. Мәселен, қан майданда болған Бейсетаев Ережеп ардагердің ұрпағы, оның ерлігін ұлықтап, құрмет көрсетуге келген. Олардың айтуынша, бейбіт заманды сыйлаған азаматтарды ұмыту мүмкін емес.
«1941 жылы әскери борышын өтеуге барып, небәрі 19 жаста болған еді. Екінші украина соғысына қатысып, аяғына жарақат алған. Соған қарамастан соңына дейін соғысқа қатысып қайтты. Қазаққа тән ерлік көрсетті. Ол кісі соғстан оралған соң, қазақ елінің әл-ауқатын жақсартуға еңбек етеді. Ұстаздық етті. Осындай өмір сүріп жатқанымыз сол кісілердің арқасы. Мен әкеме бас иіпі тағзым етемін».
Соғыста қаншама боздақтарымыз Отан үшін отқа түсіп, сұм соғыстың құрбаны болды. Олардың көбі ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ал кейбіреуі отанына оралмады да. Тіпті, жерленген жері де жоқ. Мәселен, Әмзебек Айтбаев ақсақал соғыс басталғанда небәрі 6 жаста еді. Әкесі соғысқа кетіп, денсаулығы сыр берген анасымен қалған бала, еңбекке ерте арласты. Бүгінде 90 жасқа келген ақсақал аш-жалаңаш, сылдыр-су ішкен күнін еске алды.
Әмзебек Айтбаев, Тыл ардагері: «Шешем ауру болды. Әкем жоқ. Өте қиын болды. Аш-жалаңаш уақыт өтті ғой. Сылдыр-су ішеміз. Болса жақсы. Кейде ол да болмайтын. Шешем қайнатып берген быламықты талай іштік қой».
Жеңіс күні Бірлік пен мақтаныштың символы болып қала береді дейді қала тұрғындары. Айтуларынша, бейбітшілікке қол жеткізу жолында өшпес із қалдырған жауынгерлеріміздің есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылуы тиіс. Сонда ғана, болашақ ұрпақ жадында сақтап, әр мерекеде тағзым етеді дейді.
Әлия Абубакирова, Қала тұрғыны: «Қазіргі жастарға бейбітшілік болғаны керек. Деніміз сау болсын. Жақсылық болсын. Мына кісілердің жолын қуайық».
Бақтияр Сүлейманов, Қала тұрғыны: «Әке-шешеміз майданда қалып кетті. Жастар ұмытпасын. Жастар адал азамат болсын. Әр уақытта өз елін қорғайтын азамат болсын».
Алмас Ибрагимов, Қала тұрғыны: «Бүгінгі Ұлы жеңістің 80 жылдығымен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Біздің атамыздың, апаларымыздың ерен еңбегі бар. Бүкіл Еуропа, Азия халықтарының, мерекесі. Ол кісілерді ардақтаймыз. Барлық елімізді құттықтаймыз».
Саябаққа жиналған жастарда ардагерлерімізге құрмет көрсетуден шет қалмады. Олар, даңқ мемориалына жиналған жұртшылыққа көңіл-күй сыйлап, әнне шашу шашты. Ал, кішкентай бүолдіршіндеріміз әскери киім киіп көпшілікті тәнті етті.
Ал, Даңқ аллеясына орнатылған суреттер, талай жанның тағдырынан сыр шертеді. Елімізге танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың туындылары көпшілікке тарту етілді. Фото зонада шайқаста қасқайып қарсылық көрсеткен ардагерлердің суреті жарияланған.
Саябақтағы көрініс көпшілікті таңқалдырғаны рас. Өйткені, сұрапыл соғыстағы темір ыдыс-аяқтар мен сахна, палаткалар қалалықтардың назарына ұсынылды. Сондай-ақ, тұрғындар суға қайнатылған тағамдарданда дәм татты. Мұнан соң, концерттік қойылымдар сахналанса, жастар би-билеп, көңіл көтерді.
Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданға қазақ жерінен 1,5 миллионға жуық адам аттанған. Барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Олардың 600 ден астамы қан майданда қаза тапты. Яғни, әскерге шақырылғандардың жартысы соғыстан оралмаған.
Нұргүл Жолымбетова