Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 135494 бірлікті құрап отыр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артқанын көрсетеді.
2019 жылғы 1 қаңтарға ШОК субъектілеріндегі жұмыспен қамтылғандар саны 204 448 адамды құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезеңіндегі деңгейінен 3,5 пайыз жоғары.
2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы, баға индексін қоса есептегенде, 2017 жылғы деңгейімен салыстырғанда 5,8 пайызға кеміп, 495323 млн. теңгені құрады. Өнім шығарылымының негізгі үлесі 50,9 пайыз заңды тұлғаларға тиесілі.