Өңірімізде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкер бар

256

Оңтүстікте шағын және орта кәсіпкерліктің саны 184 мыңнан асты. Бұған қоса өңіріміздің эканомикасын дамытуға биылдың бес айында 91,2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Соның ішінде өңдеу өнеркәсіп орындары 11,8 млрд теңге көлемінде инвестицияны игерді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 69,4 пайызға артық көрсеткіш. Былтыр 449,4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Б.Омарбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, белсенді жұмыс істейтін шағын орта кәсіпкерліктің саны биылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәлімет бойынша – 127 932, ал өнім шығарылымы 723 млрд теңгені құрап отыр.

Ал бес айдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысанының саны 184 605-ке жеткен.
Басқарма басшысы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу жайында айта келіп, бұл бағытта жалпы құны 396,8 млрд теңгені құрайтын 781 жоба мақұлданып, 11 785 жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Биыл құны 117,3 млрд теңгеге 59 жоба мақұлданған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі