Желден қуат алатын шағын электр станциясы іске қосылды

248

Соңғы жылдары елімізде де энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарап, мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Мұндай тиімді тың жаңалықтан Отырар ауданы да шет қалмақ емес.

Шілік ауыл округіндегі Әліп Қылышбаевтың шаруа қожалығында «Таза ауа» ЖШС-ның желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті. Аталмыш шараға ауыл әкімдері, шаруа қожалығының басшылары, кәсіпкерлер және аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.

Көпшілікке баламалы энергия көзін өндіретін құрылғы жөнінде сөз еткен «Таза ауа» ЖШС-ның өкілдері тың жобаның күніне желдің қуатына байланысты 5 – тен 25КВт энергия көзін өндіретіндігін, шағын станция күтімді аса қажет етпейтіндігін аттап өтті.

Жел электр құрылғысының жылжымалы да түрлері де бар екен. Бұл әсіресе электр желілері тартылмаған шалғайдағы шаруалар үшін өте тиімді. Жалпы көпшілікке таныстырылған баламалы энергия көзіне қажетті табиғи жел ауданда жетіп артылады.

Елімізде жасалып жатқан шағын баламалы электр құрылғысының құны шамамен 3 млн. теңгенің төңірегінде. Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан  отырарлық шаруалар мен кәсіпкерлер баламалы электр энергиясының қуаттылығы мен тиімділігі жайында сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды.