«Қызғылт семізот» тамырын жинаған 12 адам ұсталды

734

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторларымен Қазақстан Республикасының Қызыл кітапқа енген 30 қап «Қызғылт семізот» тамырын жинаған 12 адам ұсталды.

Маусым айының 26 күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Зайсан тірек бекеті инспекторлары ШҚО бойынша Қазыналық мемлекеттік басқармасының жедел әрекет ету тобының, Зайсан аудандық полиция бөлімшесі және ҚР ҰҚК ШҚ 2017 ә/б-нің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Шығыс-Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кеңсай ауылдық округі Көк Томар учаскесінде рұқсат құжатсыз «Қызыл кітапқа» енген 30 қап «Қызғылт семізот» тамырын жинап алған жерінен 12 азамат ұсталды.

Аталған дерек 2019 жылдың маусым айының 27 мен Зайсан АПБ АЕК тіркелді және СДТБТ тіркеліп, ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.