Қаңғыбастарға хаттамалар толтырылды

193

Тұрғылықты мекен-жайы және құжаттары жоқ тұлғалар арасында қылмыстың алдын алу, сондай-ақ танылмаған мәйіттерді анықтау, хабар-ошарсыз жоғалғандарды және қылмыскерлерді іздестіру, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2019 жылдың 17-21 маусым аралығында Түркістан облысында «Қаңғыбас» жедел – алдын алу іс – шарасы жүргізілуде.

Түркістан облысы Полиция департаментінің барлық қала, аудандық полиция бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамдары аталмыш акцияны өткізуге жұмылдырылды. Сақшылар облыс бойынша барлық саяжай, жертөле, шатыр секілді үй-күйсіз жүрген адамдардың мекендейтін орындарына тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараның 3 күнінде облыс бойынша 400-ден астам қора-жай мен 344 жертөле, шатыр тексерілді.

Бүгінгі күнге дейін белгісіз тұрақты жері жоқ ұсталған азаматтар саны- 30-ға жуықтады. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзу фактілері бойынша – 80-ге жуық жеке тұлға анықталып, қабылдап тарату орнына 20-ға жуық азамат орналастырылды.

Сондай-ақ, облысқа қарасты Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында 200-ге жуық қора-жай тексеріліп, 33 азаматқа ҚР ӘҚБтК-тің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Еске салар болсақ, «Қаңғыбас» іс-шарасы ағымдағы жылдың 21 маусым күніне дейін жалғасатын болады. Сондықтан, тұрақсыз немесе үй-күйсіз жүрген азаматтарды көрсеңіз, олардың тарапынан тиісу әрекеттері болса полицияға хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыстардың алдын алуға көмектеседі.