Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылында мал базарындағы бейне жарияланған болатын. Кадрда ондаған адам патрульдік полиция көлігін қоршап алған.
Түркістан облыстық полиция департаменті жолдаған сауалымызға бұл оқиға Сайрам ауданындағы рейдтік іс-шаралар кезінде орын алғанын айтты.
Полиция қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын тексерген. Осы себепті дүрбелең пайда болған. Азаматтар мен полиция тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеген.
Шәкір Омаров