Қарабұлақтағы заңсыз нысандар бұзылды

28

Сайрам ауданы аумағында құрылыс заңдылықтарын бұзып салынған кәсіпкерлік нысандар бірталай болып тұр.  Қарабұлақ ауылдық округ аумағында қызыл сызық нормаларын бұзып жүргізілген 17 құрылыс нысаны анықталған. Оның ішінде 10 объект сүрілген. Ал қалған 7 нысанның 4-уі айдың соңына дейін алынады.

Айта кетейік, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Моминжанов және ауылдық округі әкімі К.Абдилахатов Қарабұлақ ауылы орталық Т.Рүстемов көшесі бойындағы қызыл сызықта орналасқан кәсіпкерлік нысандарын аралап, нысан иелеріне қызыл сызықта орналасқан нысандар бұзылуға жататындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
Бұдан басқа, аудан әкімі А.Сабитов Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі кезінде халық орталық көше бойындағы «гүл егілген абаттандыру нысандары» алып тастауды өтінген болатын. Бүгінгі таңда «гүл егілген абаттандыру нысандары» толығымен алынып тұрғындардың өтініші орындалды.