ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев: Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

317

Арыс қаласында осы күндері 1500 полиция және ұлттық гвардия офицерлері жұмыс істеді. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың алғашқы сағаттарынан бастап, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесе арнайы штаб құрылды.

«Қазіргі уақытта қалада 600 полиция қызметкері жұмыс істеуде, Арыс аудандық полиция бөлімі жұмысқа кірісті. Арыстың барлық көшелерінде полиция қызметкерлері жүр. Тәртіп сақшылары ұрлық фактілері, сондай-ақ үйлерге зиян келтірген болса тұрғындардан шағымдар қабылдайды. Қылмыстық фактілерге қатысты жедел шаралар қабылданады.

Жарылыс кезінде ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімінің тергеу тобы жұмыс істеуде, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында салақтық танытқан адамды анықтайтын болады. Біз қоймаларды әлі тексермейміз, ол жерлерде саперлар жұмыс істеп жатыр. Олар жұмысын аяқтағаннан кейін оқиға орнын толығымен тексеретін боламыз.
Ал ұрлық туралы бүгінгі күнге дейін ресми түрде төрт факті тіркелді. Оның ішінде мал ұрлау басым. Қазіргі уақытта Арыс қаласында 70-ге жуық зерделеумен айналысатын тергеуші топ құрылды. Анықталған жағдайда саперлар шақырылады», — деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.