Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік оқиғасын төмендету, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын-алу мақсатында 2019 жылдың 20-22 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Іс-шараның алғашқы күні 540-дан астам жол ережесін бұзғандар анықталды. Оның ішінде 42 азамат көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, 56 азамат қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 12 автокөлік техникалық байқаудан өтпеу, маневр ережесін бұзудың 12 жайты, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың 3 жайты, 32 жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу сияқты т.б жол ережелерін бұзғандарға аса назар аударады.
Сонымен қатар көлік ұйымының өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы жол жүрісі ережесін анықтау күшейтілді.