340 тонна қажетті заттар жеткізілді

146

Арыс қаласының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жан-жақтан жеткізіліп жатыр. Абдырап қалған арыстық ағайынға қол ұшын созу үшін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та келді.

Ол Ордабасы ауданында орналасқан жедел штабта болып, жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жай-күйімен танысты. н340ұротандықтардың атынан тұрғындарды сабырға шақырып, барлық материалдық шығынның орнын толтыруда аянып қалмайтынын жеткізді.

Қала іргесіндегі логистикалық орталықты аралаған ол 340 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар жеткізді.

Айя Мүтәлі