Арыстағы өрттен 19 тұрғын үй және 9 ғимарат зардап шекті

194

Үкімет басшысы Асқар Маминннің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты бірнеше деректер келтірілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жарылыс салдарынан тұрғын үйлерге келтірілген залалдар туралы айтып өтті.

Жеңіс Қасымбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Алдын ала деректер бойынша, Арыстағы өрттен 19 тұрғын үй және 9 ғимарат зардап шекті. Электр желілері бұзылған. 60-70 пайыз үйдің терезелеріне соққы толқынынан зақым келген. Материалдық шығынды комиссия анықтайды. Комиссия жұмысы Қорғаныс министрлігінің саперлік жұмысы аяқталғаннан кейін басталады. Тиісті есептеулер жасалған соң, қалыпна келтіру жұмыстары мемлекетті резервтен құрылыс материалдары бөлінеді. Қосымша деректерді жариялаймыз».