Арыстағы жарылыстан жапа шеккен 165 адам медициналық көмекке жүгінген

131

Бүгінгі Үкімет отырысында Арыс қаласындағы төтенше жағдай барысы жан — жақты талқылануда. Үкімет басшысы Асқар Мамин қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. Асқар Мамин «Арыс қаласының барлық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам: азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты” деді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: “Қазіргі уақытта барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген. 76 адамға амбулаториялық, 89 пациент стационарлық емдеуге жатқызылды. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатыр. Политравма диагнозымен ем қабылдауда. Негізгі бөлігі, Шымкенттегі облыстық клиникалық, облыстық балалар және қалалық клиникалық ауруханасында ем қабылдауда. Жан сақтау бөлімінде 2 бала жатыр. Барлығы денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында”.