Арыстықтарды тасымалдайтын автобустарға тегін жанар-жағар май босатылуда

128
Фото Шуддин Саидов

Кеңпейіл шымкенттіктер бұл жолы да ерледі. Арыстықтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге тегін жанар-жағар май құйып беруде.

Дәл қазіргі уақытта арыстықтарды тасымалдауға Шымкент қаласынан 168, ал облыстан 56 автобус бөлінген. Тоғыз жолдың торабы тоғысқан Арысқа халықты жеткізіп тастауға 6 көлік компаниясы жұмылдырылған. «Грин бас», «Ман» және «Shymkent bus” компанияларының қоғамдық көліктері қазір Арыс қаласына екі реттен қатынап жатыр.

Ал қоғамдық көліктерге тегін жанар-жағар майды қаламыздағы «Сәтті жол», «Гелиос», «Синойл» компаниялары босатуда.

Қуатжан Жұматаев, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Қаламыздағы компания басшыларының жомарттығына тәнтіміз. Қоғамдық көлік компанияларының басшылары жарылыстан зардап шеккен халыққа қайырымдылық ретінде, өздері тасымалдауға қол ұшын береміз деп хабарласты. Таңғы 6:00-ден бастап қоғамдық көліктер тынбастан, екі реттен рейс жасап жатыр».

Г. Жұмаш