Атақты хирург Мәди Биғалиевке құрмет тақтайшасы орнатылды

568

Елге еткен еңбек еш кетпейді! 63 жасында өмірден озған белгілі хирург, медицина ғылымдарының докторы Мади Биғалиевке бүгін құрмет тақтайшасы орнатылды. Медицина қызметкерлерінің мерекесіне орайластырған іс — шараға қатысқан азаматтар ұзақ жылдар бойы өңірдегі денсаулық сақтау саласына қосқан алтын қолды дәрігерді еске алды.

Марқұм болған дәрігер ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнап, талай жанның өмірін сақтап қалған білікті маман болатын. Трасплантология саласының негізін қалаған хирургтың ізбасарлары мен шәкірттері бүгінде ізін жалғап отыр.

Мәди Биғалиевтің жұбайы Сәуле Жақсыбаева жиналған қауымқа алғысын білдірді

Сәуле Жақсыбаева, Мәди Биғалиевтің жұбайы: «Әрине қуаныштымыз, отағасыма медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында  құрмет тақтайшасын ашып жатқанына. Қасымызда болғанда, өкінішке қарай осындай жағдай болды. Медицина саласының ардагерлеріне, әріптестеріне, шәкірттеріне  қолдау көрсетіп, құрмет көрсеткендеріне  алғысымыз шексіз. Науқастар ризашылығын білдіріп осы күнге дейін үйге келіп тұрады. Мәкеңді  ұмытпаймыз, барлықтарыңызға жақсылық  тілеймін. рахмет баршаңызға».

Шынар Оразова