ҚР Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің тоқтатылуы туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеу жақынарада тоқтатылатыны туралы жалған ақпарат таралуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарады. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды», — делінген министрліктің мәліметінде.

Ағымдағы жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.

«Сонымен қатар, Еңбек министрлігі басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдіктермен бірлесе отырып, аз қамтылған және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселелерін шешті», — деді ведомстводан.