Бейнетіркегіштер тапсырылды

138

Бүгінде елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын жүзеге асыру бойынша нақты шаралар бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарының мамандары бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілді.

Сандық бейнетіркегіштер аудио-бейне жазуға, азаматтардың іс-әрекеттеріне, сондай-ақ сапалы дәлелді базаны қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Жаксибаев азаматтық қорғау органдарының жауапты мамандарына инспекторлық тексерулер кезінде аудио-видеофиксациялауды қолдану тәртібі мен шарттары бойынша нұсқаулық жүргізді.

Аудио-бейнежазба инспектордың және объект өкілдерінің барлық іс-әрекеттерін (шағымдар мен өтініштер болған жағдайда) жазады. Сондай-ақ тексеру іс-шаралары мен түсіндірме жұмыстарының жазбаларын сақтау мерзімі 12 айды құрайды. Бейнетіркегіштерден алынған жазбаларды тек ішкі пайдалануға арналған, оларды тек арнайы құрылған топтардың қатысушылары ғана көре алады.

Осылайша, Шымкент қаласының ТЖ департаменті цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі — жариялылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау іс жүзінде жүзеге асырылып отыр.