Жол көлік оқиғасының куәгерлері іздестірілуде

446

2018 жылдың 25 шілдесінде шамамен сағат 02:20-да Шымкент қаласында Т. Өтегенов және Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысында «ВАЗ-21099» «БМВ-525» маркалы автокөлігі соқтығысқан.

Нәтижесінде «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болған. «БМВ-525» маркалы автокөлігінің жолаушысын қалалық ауруханаға жеткізген.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы оқиғаны көрген куәгерлерге іздеу салып отыр. Егер осыған қатысты қандай да бір ақпарат білетін (бейнетіркегіштің жазбасы) болса, сіздерді мына 8 702 406 06 01 және 102 нөмірлерге хабарласуларын сұрананады.