IZUMI компаниясы балаларды мерекемен құттықтады

254

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында IZUMI сауда желісінің басшылығы кішкентай шымкенттіктерді қуантты. Ұжым қаладағы №2 оңалту орталығында өткен мерекелік кештен табылып, балаларға түрлі сыйлықтар үлестірді.

№2 оңалту орталығында — бүгін нағыз думан. Әдетте науқастарға арналған кереуетке таңылып жататын балалар үшін мерекелік арнайы құттықтау кеші ұйымдастырылды.

Мұндай құттықтауға IZUMI сауда желісінің басшылығы да атсалысқан. Олар 19 жылдан бері дәстүрлі түрде балалар мерекесін атап өтуді ұмыт қалдырмайды екен. Биылғы жылы компания №2 оңалту орталығына кіштентайларға арналған орындықтар, ойыншықтар, кеңсе тауарлары мен басқа да қажетті жабдықтар сыйға тартты.

Надежда Гаврилина, IZUMI сауда желісінің әкімшісі: «Осы жылы Изумидің құрылғанына- 19 жыл. Біз бірде-бір қайырымдылық акцияларынан қалған емеспіз. Балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүмкіндігі шектеулі ересектерге көмектесеміз. Бүгін оңалту орталығының балаларын қуантып, оларға ойды дамытатын ойыншықтар сыйлауды жөн санадық. Өйткені, балалар біздің болашағымыз. Ал Изуми әрқашан қуаныш сыйлайды».

Шаһардағы №2 оңалту орталығында 2 айдан 18 жасқа дейінгі 116 ем алушы жатыр. Олар сүйек-бұлшық еті, жүйке жүйесі бұзылған және кардиохирургиялық отадан өткен науқастар.

Айгүл Сапарғалиева, Шымкент қ. №2 оңалту орталығының басшысы: «Емдеу-сауықтыру шараларынан балалар 18 күн бойы өтеді. Олар педиатр-невропотолог, кардиолог немесе ортопед, массаж сынды мамандардың қарауында болады».

Ұлжан Жәнібекова, ата-ана: «Мұнда 15 күн бойы тоқтаусыз ем қабылдаймыз. Мереке өте керемет өтіп жатыр. Күтпеген жерден балаларды қуантып отыр. Ауруханада бүгін ерекше көңіл-күймен ояндық. Балам дән риза».

Изуми компаниясы үшін өскелең ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан сауда желісінің басшылығы балаларға жиі қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысады.