IZUMY игі істер марафонын жалғастырып жатыр. Шымкент қаласындағы ірі сауда желісінің өкілдері бұл жолы қайырымдылық шарасын Төле би ауданында ұйымдастырды. Олар балалар ауылына барып, ондағы түлектерге сыйлықтар үлестірді.

IZUMY дүкенінің қызметкерлері Төле би ауданындағы балалар ауылының түлектерін құттықтау үшін бағалы сыйлықтарын арқалап, арнайы келген. Компания ұжымы мекеме тәрбиеленушілеріне шабадан толы тартуын үлестірді. Оның ішінде әлемдік брендтердің сапалы киімі мен аяқ киімдері бар.

Надежда Гаврилина, IZUMY сауда орталығы кеңсесінің әкімшісі: «Төле би ауданы балалар ауылының түлектерін құттықтағым келеді. Олар жаңа өмірге аяқ басып жатыр. Алдағы өмірлеріне тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз! IZUMY компаниясы оларға атақты маркалардан киім мен аяқ киім сыйлағысы келеді”.

Төлеби ауданындағы балалар үйінде 1-11 сынып аралығындағы 64 тәрбиеленуші бар. Олардың барлығы да аудандық жалпы білім беретін мектепте оқиды. Биыл соның 13-і алтын ұяларынан қанат қақты.

Сәкен Шатырбеков, Төле би ауданы балалар үйінің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: «Мектепті бітірген балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастырамыз. Олар өздері қалаған мамандықтар бойынша лицей, колледж, институт университеттерге оқуға түседі».

Сауда желісінің басшылығы балаларды түрлі сыйлықтармен қуантуды жөн санайды. IZUMY бақытты балалар табысты болашағымыздың кепілі дегенге сенеді.