Мұз айдынында өткен қорытынды шараға осы маусымда топ жарған спортшылар, олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары қатысты. Үздік көрсеткішпен аяқтаған 95 жерлесіміз арнайы марапатталды.

Биыл фристайл мен мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері шықса, хоккейден Қазақстан біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген спорт саңлақтары да бар.

Айта кету керек, мектепте 6 спорт бөлімі бар. Олар шайбалы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, фристайл, әмбебап жекпе-жек, жазғы биатлон спорт түрлері. Биылғы маусымда 613 спортшы аяқтаса, 30 жаттықтырушы қызмет еткен.

Айя Мүтәлі