Жанбота – әлем кубогінің жеңімпазы!

257
Жанбота Алдабергенова

Жерлесіміз Жанбота жеңімпаз атанды. Фристайлшы қыз Белорусь астанасы Минск қаласында өткен Европа кубогының 3-4-кезеңінде жеңіске жетті.

Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова (ортада)

Шымкент қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Жанбота Алдабергенова енді 2016 жылдың сәуір айында фристаилдан Әлем кубогы үшін сынға түспек. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлайды.

Жанбота Алдабергенова

Айта кету керек, ашылғанына бар-жоғы 5 жыл өтсе де бұл спорт мектебі талай жетістіктерге қол жеткізді. Алғашқыда іргетасы қысқы спорт мектебі болып қалыптасып, Сочи-2014 қысқы Олимпиада ойындарынан кейін олимпиада резервінің мамандандырылған мектебі деген статусқа ие болды.

Жанбота Алдабергенова

Бүгінде бұл мектепте 444 бала қысқы спорт түрлерімен айналысуда. Олардың ішінде халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 4 спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер 42 бала бар.