Шымкентте көпсалалы медициналық кешен салынбақ

237

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің instagram парақшасында «Шымкент қаласының ауруханаларында шамамен 1 200 адамға жатын-орны жетіспеушілігі сақталуда. Осы мәселені шешу үшін бүгін инвесторлармен арнайы кездесіп, қаламызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа медициналық комплекс құрылысын талқыладық. Сөзсіз, медициналық орталық қаладағы денсаулық сақтау жүйесін әлдеқайда жетілдіре түседі.

Тамыз айында 1000 адамға шақталған көп салалы медициналық кешеннің құрылысы басталады. Бұл жоба толығымен инвесторлармен қаржыландырылмақ. Оның ішінде 85 пайызы шетелдік компаниялардыкі болса, 15 пайызы жергілікті инвестордікі болмақ. Жобаның жалпы құны 180 млн. АҚШ доллары көлемінде болмақ» деп ақжолтай хабарын жеткізді.