фото inform.kz

Түркістанда қалаға сай аялдамалар мен автобустар болуы қажет. Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынында Өмірзақ Шөкеев осылай деп мәлімдеді. Облыс басшысы Түркістан қаласында автобус паркін құрып, қалаға арналған жаңа автобустарды алып келуді тапсырды.

Жалпы индустриалды аймақты дамыту қажеттігін атап өткен облыс басшысы бұдан өзге де бірқатар мәселелерге тоқталды. Қаланы сумен толық қамту мақсатында алдағы уақытта Түркістан қаласында 5 каналдың құрылысы жүреді. Суармалы жердің көлемі көбейіп, жаңа саябақтар салынатын болады.

Меруерт Ахан