Түркістанда маусым айының соңында мемлекеттік қызметкерлерге пәтерлер беріледі

Мына үй маусымның аяғында тапсырылады

Түркістанда бес қабатты тұрғын үйлер маусымның соңында мемлекеттік қызметкерлер мен баспана кезегінде тұрғандарға тапсырыла бастайды.

Қазір баспалардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, құрылысшылар ғимараттардың қас бетін жауын-шашынға төзімді келетін материалдармен қаптап жатыр. Былтырғы жылы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысын қолға алған мердігер компания  құрылыс  барысында  жобалық-сметалық құжатқа өзгеріс енгізілетінін айтады.

Нұрлан Жұмаділлаев, прораб

Нұрлан Жұмаділлаев, прораб: «Маусым айының 20-25-не екі  48 пәтерлі тұрғын үй  пайдалануға тапсырылады. Қалған 60 пәтерлі 4 үйдің құрылысын жылдың соңына дейін аяқтауға тырысамыз. Үйлердің қас беті  арнайы құрылыс материалымен қапталады».

Шынар Оразова