Түркістанның экологиялық тұрғыда қолайсыз  климатын жақсарту бағытында  жергілікті билік  арнайы  бағдарлама қабылдады.

Су тапшылығы бар өлкеге ағын су Арыс-Түркістан арнасынан жеткізу қарастырылуда. Қала аумағында ұзындығы 24 шақырымды құрайтын каналдың құрылысы басталмақ. Оның ені 2 метр, тереңдігі 40 см. Ирригациялық жүйелер көне шаһардың ауасын  ылғалдандырып қана қоймай, отырғызылған жасыл желекті мерзімінде суарып,  жайқалуына мол мүмкіндік береді.

«Қаланың іргесіндегі жасыл белдеуді қуратып алмас үшін ұңғымалар  орнатылып, олар арқылы ағын сумен қамту мәселесі кезеңімен шешілуде. Түркістандағы өзгерістерді  жерлестеріміз де,  қонақтар да байқаған болар. Құрылыс қарқын алған  көне  шаһар  Қазақстанның әсем қалалырының қатарына енетініне сенім мол»,- дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов.

Шынар Оразова