Шымкентте Тассай кентіндегі Жібек жолы көшесінің бойындағы газ қоймасы өртеніп жатыр.

Газ толтырылған цистерналардың бірі жарылған. Тілсіз жаудың үшінші деңгейлі межеде болуы мүмкін. Оқиға орнында медицина қызметкерлерінің бригадасы, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар қызметі, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.