Ғабидолла Әбдірахымов Арысты қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

68

«Бүгін мен Арыс қаласына барып, Шымкенттің әкімдігіне жүктелген оныншы сектордағы ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарының барысымен таныстым», — деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов өзінің Instagramдағы парақшасында.

Біздің секторда 600-ден астам ғимарат бар, оның ішінде тұрғын үйлерден басқа, мектептер, балабақшалар мен емхана секілді әлеуметтік маңызы бар нысандар бар.
Зерттеу қорытындысы бойынша 559 үй жөндеуді қажет етеді және тиісті жұмыстар басталды. Бұдан басқа, 15 үй толықтай қирап қалған, қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан оның орнына жаңа үйлер салынатын болады.

Барлық мердігерлерді анықтадық. Кейбір учаскелерде жөндеу жұмыстары басталды. Үйлер мен ғимараттар тез арада қалпына келтіріледі әрі сапалы жұмыс атқарылатын болады. Нысандардың әрқайсысының қалпына келтіру жұмыстары менің жеке бақылауымда болады», — деп жазды Шымкент қаласының әкімі.