Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департементі демалушыларды сақ болуға шақырады. Осыған орай, су айдындарының бірінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Суға шомылу маусымында келеңсіз жағдайлар орын алып тұрады. Осындай төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Бадам су қоймасында рейдтік шара жүргізді.
Ерғали Жанысбайұлы, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: “Шомылу маусымының басталуына орай рейдтік шаралар жүргізудеміз. Шомылу орындарында қауіпсіздік жұмыстарын түсіндіріп жатырмыз”.
Одан бөлек, құтқарушылар шомылуға келгендерге суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керек екендігін түсіндіріп, кішкентай бүлдіршіндерге жүзуді үйретті.
Данияр Әлімов, Тоғыс су қоймасының құтқарушысы: “Күнделікті жұмыс осы. Демалушылар көп, жүзе алмайтындарға жүзу үйретеміз, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бір күнде кешкі сағат 20:00-21:00 — ға дейін 5-6 адам суға тұншығып қалады».
Төтенше жағдайлар департементінің айтуы бойынша қала аумағындағы су айдындарында әзірге қайғылы жаңдай тіркелген жоқ. Былтырғы жылы 4 адам суға кеткен болатын.
Төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға, тиым салынған жерлерге шомылмауға және мас күйінде суға түспеуге шақырады. Бұл қауіпсіз шомылудың ең алғашқы ережелері.
Олжас Айдарбек