Мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгеріс енгізілді

57

Қаржы министрінің өкімімен мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгеріс енгізілді. Бұдан былай тендерді кімге беру керектігін шешетін конкурстық комиссияның құрамы сатып алу аяқталғанша дейін жасырын болады.

Осы уақытқа дейін комиссия мүшелерінің аты-жөні алдын ала белгілі болатын еді. Бұл түрлі бармақ басты көз қысты әрекеттерге жол ашып келді дейді ведомства өкілдері. Енді өзгеріс жемқорлық тәуекелдерін жоюы тиіс.

Бұйрық 19 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Әрі осы жолғы жолдауында Президент конкурс кезінде арзан бағадан гөрі сапалы қызмет ұсынатындарға басым беруді тапсырған еді.