Алименттен қашқан әке әкімшілік жауапкершілікке тартылды

228
фото Экспресс К

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының​ қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.Б. туған қызына алимент төлемей,​ сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл төлейтін болды. Екі жылдан бері туған перзенті алдындағы әкелік парызынан жалтарып жүрген әке Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 669-бабымен айыпты деп танылды.​ Оған осы баппен әкімшілік жаза түрінде 12​ 625 тенге айыппұл салынды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында белгілі болғаны Шымкент қаласының Енбекші аудандық сотының 11.08.2017 жылғы атқару парағына сәйкес құқұқ бұзушы И.Б.​ табысының ¼ бөлігін С.А-ның пайдасына кәмелетке толмаған қызын асырау үшін төлеуге тиіс болған.​ Алайда И.Б. өз қызына алимент​ төлемей келген. «Сот актісін орындау жөнінде бірнеше рет ескертулер берілгенімен И.Б. көрсетілген актіні орындамағаны анықталған.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы И.Б. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты,»-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енбеген.