Түркістан облысы Сайрам ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде алғашқы «Медиация бұрышы» ашылды. Бітімгерлікке үндейтін бірінші бұрыш Сайрам аудандық сотының төрағасы Тыныбеков Берік Еркінбайұлының бастамасымен қолға алынған.

Іс шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысы «Медиация дамыту орталығының» директоры Л.Ақшегерова, Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты бөлім басшылары қатысты.

«Медиация бұрышында» татуласуға тілек білдіргендерге  «Медиация дамыту орталығының» кәсіби медиаторлары қызмет көрсетеді.ь»Медиация бұрышы» ашылған сәттен бастап кеңес алушылар қатары қалың болды.

Жанар Есенбекова