Мәжілістің жалпы отырысы өтті
Мәжілістің жалпы отырысы өтті

Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордағы нысаналы трансфертті қайта бөлуді ұсынды.

370 млрд теңгенің 300 млрд-ы әлеуметтік салаларды күшейтуге, тұтынушылар кредиті бойынша халықтың борышын төмендетуге, сондай -ақ үкіметтің резервін ұлғайтуға жұмсалмақ. Мәжілістің жалпы отырысында әлеуметттік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаға қатысты біраз тартыс болды. Тіпті төменгі палата төрағасы оны біріне бірі киіліп кете беретін орыстың матрешка ойыншығына теңеді.

Нұрлан Нығматулин

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы: «Бағдарлама… Бағдарламаның ішінде бағдарлама. Бұл дегеніңіз «қаржылық матрешка». Шағын несие, кәсіпкерлік оқыту, бизнес идеялар бойынша грантқа қомақты қаржы қарастырыпсыздар. Ұлттық экономика министрі анализ жасадық дейді. Қандай мамандықтар бойынша адамдарды оқытасыздар. Барлығына талдау жасалынуы тиіс. Бұл мәселеге жылдың соңында ораламыз. Қаржының қалай жұмсалғанын анықтаймыз».

Ұлттық экономика министрі Әлеуметттік мәселелерді шешуге қаралған 53 млрд. теңгенің қайда жұмсалатынын айтып берді. 20 млрды ауылдағы 5 мыңға жуық шаруаға шағын несие ретінде берілмек. 3 млрд. 200 млн. теңге- «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқытуға бағытталады. Бағдарламаның әкімшісі ауыл шаруашылығы министрлігі.  13,6 млрд. қысқа мерзімді кәсіпке оқытуға, қалған 12 млрд, теңге бизнес идеяларды жүзеге асыруға қарастырылған

. Естеріңізге сала кетейік , мәжілісмендер Палата сессиясының жұмысын қорытындылады. Бұл осы сессиядағы соңғы жалпы отырыс. Депутаттар жазғы демалыста  өңірлерді аралайтын болады.

Шынар Оразова