Шымкентте 104 нысан заңсыз салынған

323
Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы брифинг берді

Шымкент қаласының аумағында 104 нысан заңсыз салынған. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы айтты.

Мекеменің 6 айда атқарған жұмыстары туралы есеп берген Жеңіс Байымбетов қала аумағында заңсыз салынған құрылыстарға мониторинг жүргізілгенін жеткізді. Нәтижесінде қалада құрылыс талаптарына және заңға қайшы салынған 104 нысан анықталған.

Есепті мерзімде басқарма тарапынан 19 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Брифинг барысында тілшілер тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Соның өзектісі — қала ішінде салынған жанар-жағармай бекеттері мен өндіріс орындарын салуға қойылатын талаптар.

Жеңіс Байымбетов, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы: «Құрылыс нормативтері және ережелерге сәйкес тұрғын үйлер мен  өзге нысандардың арасындағы қашықтық 15-20 метр, бұл  екі-бес қабатты үйлерге қатысты. Жанар-жағармай бекеттері мен тұрғын үйлердің арасындағы қашықтық  50 метрден кем болмауы тиіс. Ескеретін жәйт,  жанар-жағармай бекеттері 3 санатқа  бөлінеді».