Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алған

414
Қазгидромет РМК Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері Сайрамсу өзенінің жағалауында

Төлеби ауданының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарына биыл ерте кірісті.

«Ауа-райының қолайлығына байланысты көкөніс пен дәнді, майлы дақылдар жоспарға сәйкес егілді. Күздік егіске 13 мыңнан астам гектарға егін себіліп, 100 пайызға орындалған. Биыл минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізудің нәтижесінде бүгінге 700 тонна тыңайтқыш алынып, 4 мың гектар жер қоректендірілді. Жұмыстар жалғасуда»,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы.

Оңласын Бектай аудандағы көктемгі дала жұмыстары жайлы мәлімет беруде

Оңласын Бектай, Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі: «Ауданда  биыл  егілетін егіс көлемі 63130 га құрайды. 14 мыңға жуық гектарға күздік бидай, 450 га жаздық бидай егілген. Дәнді жүгері-40 га, ноқат-50 га, арпаның егілгені 5320- жоспар 6500 га егу. Жаға жоңышқа 4680 гектарда егу көзделсе, картоп 1285 га, көкөніс-1757 гектарда егу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 2830 тонна  жанар-жағармай  бөлінген. Наурыз айына бөлінген  575 тоннаның  315 тоннасы үлестірілді, сәуірде 960 тонна , мамырда 845 тонна қарастырылуда».

Маманның айтуынша ауданда ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгіндгі күнде аудан бойынша даңғалақты 630 техниканың 552 жарамды, 228 соқа, 419 тырма мен 148 дән сепкіштің барлығы жұмысқа дайын. Ауыл шаруашылық техникаларды техникалық байқаудан өткізу кестесі бекітіліп, ақпанның соңғы он күндігінен бастап ауылдық округтерде жұмыстар кестеге сәйкес басталып кеткен. Тасарық ауылдық округін де көктемгі дала жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде.

Бүгінде Төлеби ауданы  аумағындағы «Ащы», Ұзынбұлақ су қоймаларына ағымдағы жөндеу, ұзындығы 50 шақырымға жуық каналды тазарту, қашыртқы қазу, арна түзеу, 9 дана шлюз орнату, 270 метр лоток қою жұмыстарын жүргізу үшін Төлеби су шаруашылығы мекемесі тарапынан сметалық құжаттамалар дайындалып, бюджеттік комиссияға ұсынылды. Киелі тас ауылдық олкругінде Қыр каналының 2 жарым шақырымы және Аққұм каналының 2,1 шақырымы лай ұйықтардан тазалануда.

Шынар Оразова