Шымкентте домбыраға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

270
Шымкент домбыра ескерткіш

Шымкентте домбыра монументі ашылды. Ұлттық домбыра күніне орай ашылған ескерткіш меценаттардың қаржысына тұрғызылған.

Монументтің биіктігі — 7 метр. Қатты металдан жасалған. Суретшілер одағының мүсіншілерімен соғылған ескерткіштің салмағы 500 келі тартады.

Әбдумүтәлі Ахметов, Суретшілер одағының төрағасы: «Наурыз айынан бастап жұмыс істедік. Қалай шығады деп уайымдадық. Үш нұсқасы болған. Содан осы металдан жасауды таңдадық. Металл тозбайды ғой. Ал авторы мынау деп айта алмаймын. Көпшіліктің идеясы».

Осы жолы іс-шараның соңына дейін қалған қала әкімі күмбірлеген күй үнінің өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Тіпті мектеп кезінде бастап, кейін тастап кеткен домбыра тартуды үйренуді жалғастыруға ниетті екендігін айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Қазақ xалқы жылап-жылап болдық қой. Енді күліп жүретін заман. Мен өзім бұрын мектеп кезінде домбыра үйренгем. Бір-екі күй білемін. Соны қайта үйренсем деп жүрмін».

Ескерткішке кеткен қаражат айтылмай тұр. Домбыра монументі Түркістан сарайының алдында орнатылған.

Меруерт Ахан