Болашақ Отан қорғаушылар соғыс батырларының ескерткіштеріне қамқорлық танытуда

41

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толу мерекелері қарсаңында Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері соғыс батырларына арналған ескерткіштердің айналасын тазалады.

Әскери қызметшілер мен ұландар төгілген жапырақтар мен тұрмыстық қоқыстарды жинап, асфальт үстін сыпырды. Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлова және Сабыр Рахымовтың ескерткіштерін сүртіп, тазалады.
– Біздің мектептің тәрбиеленушілері бұның бәрін аса ыждағатпен орындады. Ескерткіштерді абаттандыру – бұл өткенді сақтау ғана емес, сонымен қатар болашаққа қамқорлық жасау, жастарды патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухына тәрбиелеу. Бұндай құндылықтар бала кезден қалыптасады, өйткені болашақ әскери қызметшілер соғыс батырларын есте сақтауы, білуі және олардың даңқты дәстүрлерін жалғастыруы тиіс, – деп бөлісті мектеп бастығының орынбасары подполковник Медғат Мадрахимов.
Іс-шараға қатысушылардың өздері атап өткендей, Ұлы Отан соғысында Жеңіс пен бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігі әрқашан жадымызда. Оларға қойылған ескерткіштер елдің бүкіл өңірінде бар. Батырлар жайлы естеліктер ескерткіштер мен мемориалдар ретінде мәңгі сақталады. Оларға қамқорлық жасау – майданда соғысып, тылда жеңіске жеткендердің жанқиярлығының арқасында өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтың парызы.

QAINAR KÓZШымкент гарнизонының баспасөз қызметі