Шымкентте CRAFERS дүкені ашылды

876

Шымкентте мамандандырылған CRAFERS дүкені ашылды. Осыдан 1,5 жыл бұрын Өзбекстанда бой көтерген кондитерлік зауыт бүгінде Орталық Азиядағы ірі өндірістің біріне айналып отыр. Ташкент қаласында орналасқан CRAFERS зауыты жылына 46 мың тонна өнім шығарауға қауқарлы. Ал, өнімдері Шымкентте бар жоғы 7 ай бұрын сатылымға шықса да, біздің нарықта өзіндік орынға ие болды.

CRAFERS компаниясы Шымкент қаласында сапалы әрі арзан кондитерлік өнімдер сататын мамандандырылған дүкен ашты. Оның ерекшелігі — сатып алмас бұрын, тәттілердің дәмін татып көруге болады. Мұнда өнімнің 80-нен астам түрі бар. Жаңадан ашылғанына қарамастан SWEET HOUSE CRAFERS өнімі шымкенттіктердің арасынан тұрақты сатып алушыларын тауып үлгерді.

Айгерім Калгенбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: “Біздің отбасымыз үлкен, балаларыма көп тәтті жегізбеуге тырысамын. Бұл өнім туралы, оның құрамы туралы білгенде сатып ала бастадық. Құрамында барлығы табиғи. Дәмі тіл үйіреді”.

Тәшкендік SWEET HOUSE CRAFERS компаниясы мемлекеттің қолдауымен салынған. Қазіргі уақытта 80 түрлі өнім шығарады. Осы жылдың соңына дейін 250 жаңа кондитерлік бағыттар қосылады. Одан басқа тек тәтілер ғана емес, гастрономиялық өнімдер де шығару жоспарда бар екен.

Азизхон Амилов, CRAFERS компаниясының басшысы: “Біздің барлық өнімдеріміз сапа стандартына сай. Жақында ғана Халал сертификациясынан өттік. Тауарға шикізатты Еуропадан алып келеміз. Бұның өзі сапаның қандай екенін білдіреді. Өнім бағасы сапасына тұрарлық. Тұтынушылар дүкенде тәттілердің дәмін көріп, қалғанын сатып алуына болады”.

Кондитерлік фабрика Германия, Австрия, Дания, Швейцария және италияндық құрал-жабдықтармен жарақталған. Қазір мұнда 650-ге жуық маман жұмыс істейді. Олардың барлығының шетелдік ірі кондитерлік өндірістерден тәжірибе алған.
CRAFERS компаниясының алға қойған мақсаты көп. Бұл өндіріс біздің нарығымызда ұзақ болады деген сенімдеміз.

CRAFERS мекен-жайы: Б.Момышұлы, 8. Дүкен таңғы сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.