Жәрдемақы артады

305

1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері біршама артады. Барлығы бірдей емес, тек бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланың күтіміне және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға берілетін жәрдемақы өседі. Шымкент қаласы бойын-ша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаев осылай айтады.

Оның сөзінше, 2005 жылдың 28 маусымдағы ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына 2019 жылдың 3 сәуірінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақы мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақылардың мөлшері артады.
– Жәрдемақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,05 еселігінен 1,4-ке дейін көбейтіледі. Арттырудың нәтижесінде жәрдемақылардың мөлшері — 10 395 теңгеге көбейеді,- дейді Әнуар Ілеспаев.
Айта кетейік, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін осы санаттағылар — 31 164 теңге көлемінде жәрдемақы алып келген. 1 шілдеден бастап — 41 578 теңге жәрдемақы алады.

Бөлім басшысының сөзіне сенсек, бұған дейін қаңтар және шілде айларында «Республиканың бюджет туралы» заңына сәйкес:
–Айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
–Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы;
–Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгеретін. Соған сәйкес, зейнетақының негізгі мөлшері мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері де арттырылатын.

Ал бұл жолғы шілдеде «2019-2021 жылдарға арналған республиканың бюджет туралы» заңында ешқандай өзгеріс жоқ. Сондықтан да, зейнетақы және жәрдемақы мөлшері өспейді. Сол қалыпта қалады.
Яғни:
2019 жылдың 1 шілдесінде:
–ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 40400 теңге;
–ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 11312 теңге;
–Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 6464 теңге;
–Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 350041 теңге;
–Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 188492 теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады.
–Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы — 5379 теңге.

№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 23786 теңге;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 21160 теңге алып отыр.

– Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатындар —2 702 теңге.

– Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 39643 теңгені құрайды.
– ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен — 92415 теңге беріледі.

Бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері:
–1, 2 және 3-ші балаға — 95950 теңге;
– 4-ші және одан көп балаға 159075 теңге.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне:
–1 балаға — 14544 теңге;
–2 балаға — 17196 теңге;
–3 балаға — 19823 теңге
–4 және одан көп балаға — 22473 теңге.

Ескерту: Егер жас ана декреттік демалысқа шықпай тұрып жұмыс істеген болса, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.

–4 және 5 баласы бар, көп балалы отбасылар ай сайын мемлекет есебінен — 10 405 теңге;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар 16 160 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Ескерту: жоғарыда аталған жәрдемақының мөлшері АЕК тәуелді.

Бұдан бөлек 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап көп балалы отбасыларға әр баласы үшін — 20789 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуда.
Сондай-ақ…

Мүгедектер:
І топ — 57021 теңге;
ІІ топ — 45438 теңге;
ІІІ топқа — 30886 теңге жәрдемақы алады.
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 31183 теңге;

16 жастан асқан мүгедек балаларға:
І топ — 57021 теңге;
ІІ топ — 47220 теңге;
ІІІ топқа — 35638 теңге берілуде.
–Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін — 41 578 теңге;
–Бала кезінен І топ мүгедек баланың күтімі үшін — 41 578 теңге төлененетін болады.

Чернобыль апатынан зардап шеккен мүгедектерге төленетін жәрдемақылар:
I топтағыларға — 83 452 теңге;
II топтағыларға — 71 276 теңге;
III топтағыларға — 59 693 теңге.

Асыраушысынан айырылғандар:
1 балаға — 25541 теңге;
2 балаға — 44251 теңге;
3 балаға — 54942 теңге;
4 балаға — 58209 теңге;
5 балаға — 60287 теңге;
6 және одан көп балаға 62663 теңге жәрдемақы алады.

Тұл жетімдер:
–Әр қайсысына бөлек — 35044 теңге жәрдемақы төленеді.