Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

456
фото inform.kz

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.