Экономикалық тергеу департаменті 7 айда атқарған жұмысын қорытындылады

715

Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаменті 7 айда атқарған жұмысын қорытындылады. Департамент басшысы Рүстем Ракишевтің айтуынша, жыл басынан бері аталған департаменттің анықтауымен 90 қылмыстық іс тіркелген.

Арасында ұйымдасқан топты құрушылар да құрықталыпты. Яғни, департамент қызметкерлері салықтан жалтару үшін жалған шот фактура жазумен айналысатын қылмыстық топты әшкерелеген. Ұйымдасқан топтың әрекетінен мелекетке 1 млрд. 243 милллион теңге залал келтірілген.

Рүстем Ракишев

Сондай-ақ, департамент басшылығы экономикалық контрабанда саласында аяқтаған қылмыстық істерге тоқталып, қазіргі уақытта кәнілілер жазаланғанын жеткізді. Осы және өзге де өзекті ақпараттарды арнайы бринфингте баяндаған Рүстем Ғалымжанұлы Шымкентте жиі жол берілетін экономикалық қылмыстарды атады.

Рүстем Ракишев, Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментінің басшысы: «Ең алдымен — заңсыз ойын бизнесі — 26 дерек, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында 17 қылмыс тіркелген, жалған шот-фактура жазу бойынша 15 факт, бюджетке салық төлеуден бас тартуда — 6 дерек және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымында 4 дерек анықталды».

Мөлдір Бекеева