Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ұсталды

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат қолға түсті.  «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында Шымкент қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі анықталды. Бұл туралы каржылық мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

Іс-шара аясында жүйелік блок, монитор, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді. Қазіргі таңда іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: «Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. ️Еске сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, Казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады».