Ағымдағы жылдың 15-18 тамыз аралығында Талдықорған қаласында самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатында жалпы командалық есеп бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасының 4 қызметкері жүлделі орындарға тұрақтап, жалпы 4 жүлделі командалық орынға ие болды.

Біріншілікке Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұлан, еліміздің барлық облыстық ішкі істер департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, күш сынасқан

Шымкент қаласынан барған команда сапында чемпион атанған қызметкерлер:
57 кг салмағында 1 орынды иеленген Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы, самбодан спорт шебері полиция капитаны Нұров Қанат.

62 кг салмағында 2 орынды иеленген Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, самбодан спорт шеберіне үміткер полиция лейтенанты Ысқақ Серік.
68 кг салмағында 3 орынды иеленген Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, самбодан спорт шеберіне үміткер полиция капитаны Алтыбеков Мақұлбек.
74 кг салмағында 2 орынды иеленген Оқу-жаттығу взводының инспекторы, самбодан спорт шебері полиция капитаны Майлыбаев Нұрболат.

Жүлделі орын алған жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.