Шымкенттік полицейлер Арбатта ән салды

23

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Тәртіп сақшыларының әсем әнін тыңдау үшін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жиналды. Шара барысында полицейлер тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтай отырып, түрлі жанрда ән шырқады.
Мегаполис полицейлерінің өнеріне тамсанған тұрғындар, қоңыр үнді әншілерге қосыла кетті. Осы тұста, арнайы білімі болмаса да музыканы жанына серік еткен полиция аға сержанттары Абигалиев Ербол , Ермекбаев Бахтияр, Акпаров Руслан сынды тәртіп сақшылары бар өнерлерін ортаға салды. Халықтың ыстық ықыласы мен полицейлердің ізгі ниеті ұштасқан жиын сәтті аяқталды.