ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттік турнесі Түркістаннан басталады

190

27 тамыз күні ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттік турнесі басталады. Бүгінде концертке дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңа репертуармен өнерсүйер қауымның алдына шығатын жас таланттардың алғашқы концерті Қазақстанның көне шахары Түркістанда өтеді.

Оркестр құрамында 10 елден 100-ден астам жас өнер көрсетеді. Биыл оркестрге Татарстаннан — Ренат Салаватов, Қазақстаннан — Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан — Мұстафа Мехмендаров дирижерлік етеді.

Оркестр турнемен Қазақстан, Қырғызстан және Әзірбайжан елдерін аралап шығады. Жалпы 7 концерт қояды.

Меруерт Ахан