Жаңа бала бақша ашылды

142

Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің саны тағы біреуге артып, шаһардағы бала бақшалардың саны 502 — ге жетті. Оның 417-сі жеке меншік. Бүгін бүлдіршіндер үшін есігін айқара ашқан бақша 900 балаға шақталған.

Тәрбие мекемесінің бөлмелері заман талабына сай жабдықталған. Ойын бөлмелері, асхана, ән шырқап би билеуге арналған музыка залы бар. Бала бақшаның ерекшелігі — мұнда балалардың психологиялық денсаулығын бақылайтын психолог пен тілі дұрыс шығуын қадағалайтын логопед бар. Жеке кәсіпкердің бала тәрбиесіне бет бұрғанын құптаған қала басшысы Ерлан Айтаханов бала бақшаны өзі аралап шықты.

Бүгінде мегаполисте бала бақша кезегіндегі балғындардың саны 23 мыңнан асады. Ал Тассай тұрғын алабында ашылған бала бақша талай ата — анаға қуаныш сыйлады. Енді мыңнан астам тұрғын балаларын алып қалаға сабылмайтын болды.

Биыл тассайлық мектеп оқушылары да жаңа білім ошағының табалдырығын аттағалы отыр. Жеке инвестицияның арқасында бұрынғы №85 мектептің орнына сау жаңа білім ошағы бой көтеріпті. Қала әкімі осы нысанды да аралып, Абай Құнанбаев атындағы мектеп ұжымымен танысты.

Нұрлан Күдерұлы